Қазақстан • 28 Қаңтар, 2022

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі басталды

1158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі басталды

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.

Съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады:

1. Партияның Төрағасын сайлау туралы;
2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.