Аймақтар • 28 Қаңтар, 2022

Жамбыл облысының санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Байділдә Шыналиев Жамбыл облысының аумағында шектеу және карантин шаралары туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысының санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Құжатқа сәйкес, өңірде жолаушылар ағынын азайту және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік саны ұлғайтылатын болады.

Бұдан басқа, ұлттық құрама, клубтық командалар үшін (30 адамнан аспайтын) спорттық жаттығуларға, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектелген Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат етілген.

Отырыстар мен кеңестерді қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаса, күндізгі режимде өткізуге рұқсат етіледі.

Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамының COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынылған жағдайда, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындары қайта басталады.

Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.