Футбол • 29 Қаңтар, 2022

Футзалдан Еуро-2022: Қазақстанның келесі қарсыласы кім?

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында топтық кезеңде А тобында екінші орын алған Украина құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан Еуро-2022: Қазақстанның келесі қарсыласы кім?

Шешуші матчте Украина Португалиядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды, ал олардың қарсыласы - Нидерланды құрамасы Сербияға 2:3 есебімен есе жіберіп, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмады. Осылайша, Украина құрамасы Еуро-2022-де үш ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша қарсыластарынан озып, екінші орынға орнықты. 

Еске салайық, Италияны жеңген Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, B тобында бірінші орынмен плей-оффқа шықты. Қазақстан - Украина ширек финалы 31 қаңтарда өтеді.