«Біріншіден, Қытай – құдай қосқан көршіміз. Біз көршімілеріміздің орынын ауыстыра алмаймыз ғой. Екіншіден, Қытай – экономикалық даму тұрғысында өте зор жетістікке жеткен ел. Көршіміз жоғары технологиялар мен жасанды инетелкт бойынша озат елдің бірі. Сондықтан, әрине, біз бірлесіп жұмыс істеуге тиіспіз. Біз Қытай нарығына тәуелдіміз. Стратегиялық өнім шығаратын барлық ірі кәсіпкерлеріміз Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қытай нарығына иек артады. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Қытайға қарсы наразылық ұйымдастырып жүргендердің саяси мақсаты болуы мүмкін. Немесе эконмикалық шындықтан мүлде бейхабар. Тіпті олар әлемдік қауымдастықта жаһандық саяси қақтығысқа мүдделі білгілі бір ұйымнан қаржыландырылатын шығар. Сондықтан бұл жерде ксенофобияға жол бермеу керек. Қытай бүгінгі күнге дейін бізге ешқандай жамандық жасаған жоқ», деді Мемлекет басшысы.
Президент сондай-ақ бірнеше күн бұрын «Орталық Азия – Қытай» атты мемлекет басшыларының саммитіне қатысқаны жайлы айтып, екіжақты сауданың дамып келе жатқанын тілге тиек етті.
«Екіжақты сауда жаңа рекордтық деңгейге жетіп отыр. Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 17 миллиард долларға дейін жеткен», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қытайлық серіктестерін жан-жақты қолдауға мүдделі екенін айтты.
«Біз Қытайды зерттеп, тілін меңгеруіміз керек. Бұл екі қолымызда көкке көтеріп, сол елге қосылу дегенді білдірмейді. Керісінше, осындай алып елмен жақсы қарым-қатынаста болуымыз керек», деді Мемлекет басшысы.