Ғылым • 31 Қаңтар, 2022

NASA мұхитты зерттейді

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

NASA мұхиттар­дың аз зерттелген, құпияға толы терең­діктерін зерттеуді қолға алмақ. Дүниежүзілік мұхит жер бетінің 70 пайыздан астамын алып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, теңіз суларының 80 пайызы зерттелмеген.

NASA мұхитты зерттейді

АҚШ ғарыш агенттігі бұл бағытта екі мәселеге баса назар аударуды көздеп отыр. Мақсат – басқа ғаламшарларда бар мұхиттардың табиғатын түсіну және экстремалды жағдайларда жұмыс істеу технологияларын әзірлеу.

Мұхиттың тереңдігі мен ғарыш кеңістігінде ортақ нәрсе бар. Ол мұхит түбі мен күн жүйесіндегі кейбір планеталарда кездесетін ұқсастықтар. Бес шақырымнан астам тереңдіктегі мұхит қол жетпейтін тұңғиық саналады.

Әлемдегі ең терең жер – Мариана ұңғымасы жер бетінен 11022 метр төменде жатыр. Бұл орын британ зерттеу кемесі құрметіне «Челленджер тереңдігі» деп те аталады. Әзірге мұндай тереңдікке сүңгуге қабілетті құрылғылар санаулы ғана.