«Сөз жоқ, Давид Бенавидес – өте мықты боксшы. Күші мығым, шаршы алаңда жылдам қимылдайды, шеберлігі де әбден толысқан. Алайда Сауль оны жеңе алады. Кезінде Саульді Головкиннен жеңіледі дегендер аз болған жоқ. Билли Джо Сондерс, Остин Траут, Каллум Смит, Калеб Плант секілді жігіттердің «Канелоны» жеңетініне сенімді болғандар жеткілікті. Әйткенмен олардың барлығы жеңілістің кермек дәмін татты. Адамдар ылғи сондай пікірде жүреді. Ол біз үшін жақсы. Біз ел күткен шайқастарға шыққымыз келеді», дейді бапкер.
Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварестің бапкері Эдди Рейносо шәкіртінің Давид Бенавидеспен жекпе-жектен қашпайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көкшетаудағы дүңгіршекте тышқандар самса жеп жүр
Аймақтар • Кеше
Қажымұқан туралы фильмнің көрсетілімі басталады
Өнер • Кеше
Жамбыл облысында сотталған әйел заңды некеге тұрды
Қоғам • Кеше