Оқиға • 31 Қаңтар, 2022

Түркістан облысында қорадағы қоймен бірге шопан да жанып кетті

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында қорадағы қоймен бірге шопан да жанып кетті

31 қаңтарда Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимараттың өртенгені туралы хабарлама түскен.

Бірінші қабатында мал, екінші қабатында шөп тұрған.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кеткен. Оқиға орнынан қойшының денесі де табылыған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 09.37-де оқшауланып, 10.23-те ауыздықталған. Өрт аумағы 781 шаршы метр болады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бөлімшесі жұмылдырылды.