Президент • 31 Қаңтар, 2022

Мемлекет басшысы Роман Скляр мен Алтай Көлгіновты қабылдады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Кездесу барысында елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөніндегі мәселе талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Роман Скляр мен Алтай Көлгіновты қабылдады

Мемлекет басшысына елордағы әлеуметтік нысандардың құрылысы, газбен қамту ісі, үлескерлік құрылыс нысандарының аяқталуы мен инвестиция тарту мәселелері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Президент әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, тозығы жеткен ескі тұрғын үйлерді сүру және жаңа тұрғын үй алаптарын дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударды. Жұмыс орындарын ашу және жастарды қолдау мәселесі басым міндеттердің бірі ретінде атап өтілді.

Қабылдау барысында биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынатыны айтылды. Айта кетсек, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 3 есе артқан. Биыл тағы да 40 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, кемінде 16 мектеп салынатын болады.  

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға және вакциналауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Президент елорданы одан әрі дамыту мақсатында бірқатар тапсырма жүктеді.