Кәсіпқой бокс • 31 Қаңтар, 2022

Промоутер Фьюри мен Усиктің неге жұдырықтаспайтынын айтты

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Тайсон Фьюридің промоутері Фрэнк Уоррен ағылшын боксшысының украиналық Александр Усикпен неліктен кездеспейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Промоутер Фьюри мен Усиктің неге жұдырықтаспайтынын айтты

Бұған дейін тағы бір ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн Тайсон Фьюридің WBO, IBF, IBO, WBA (super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усикпен жұдырықтасудан бас тартқаны туралы ақпарат таратқан еді. Әріптесінің мәлімдемесінен кейін Фрэнк Уоррен мәселенің мәнісіне өзінше үңілгенді жөн көріпті.  

«Эдди Хирннің не айтқаны мені қызықтырмайды. Ол көп сөйлей беретін адам екенін бәрі біледі. Жекпе-жек тағдырын дұрыс шеше алмаса, ол оның мәселесі ғой. Бұл жолы келіссөздер ұзаққа созылып кетті. Олардан Джошуа тағы қосымша 5 миллион доллар сұраған екен. Мұндай әңгімелер құлағына жеткен соң Тайсон:

«Жетеді, осымен тоқтаймыз. Айтылып жатқан әңгімелер мені жалықтыра бастады. Джошуа жылаңқы бала секілді» деді.  Екі боксшы әлемнің абсолютті чемпионы атағын сарапқа салғысы келді. Алайда арамызда екі адам тұрды. Энтони Джошуа да, Диллиан Уайт та ақшаға қатты құнықты. Тіпті, Диллиан бүкіләлемдік бокс кеңесімен соттасуға дейін барды. Екіншісі өте көп ақша сұраумен болды. Жекпе-жек сол себепті өтпеді», дейді промоутер.