Президент • 31 Қаңтар, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Заңға қол қойды

4573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Заңға қол қойды

Заңнын негізгі мақсаты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және ынтымақтастықтың өзге де салаларындағы техникалық кедергілерді жою, мемлекеттің заттар мен материалдардың стандартты үлгілеріне қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. 

Келісім, сондай-ақ, өлшеулерді метрологиялық қамтамасыз ету, заттар мен материалдарды сынау, өлшем құралдарын калибрлеу, салыстырып тексеру, аттестаттау үшін стандарттарға, келісімдерге немесе шарттарға енгізу жолымен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықта мемлекетаралық стандарттық үлгілерді қолдануды регламенттейді.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.