Қазақстан • 31 Қаңтар, 2022

Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық полицейлер алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Nur-AvtoKz ЖШС директорының орынбасарын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

2021 жылдың қыркүйегінен бастап полицияға елорданың 280-ге жуық тұрғыны ақшалары мен автокөліктерін компания басшылығы алаяқтық жолмен иемденгені жөнінде арызданған.

Білгілі болғандай, ЖШС басшылығы азаматтармен автокөліктерді нарықтан төмен бағада 45 жұмыс күннің ішінде ұсыну туралы шарт жасасқан. Сатып алушылар ақшалай қаражатты кассасына өткізген. Клиенттерге келтірілген шығынның көлемі 3 млрд теңгеден асады.

Елордалық Полиция департаменті алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтық жасады деп айыпталған 35 жастағы ЖШС директоры 2021 жылдың қазан айынан бастап тергеу органдарынан жасырынып, іздеуде болған. Оған қатысты тергеу сотының шешімімен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Елордалық полицейлер іздестіру шараларын жүргізу кезінде айыпталушы ұсталып, Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп жазылған хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.