Аймақтар • 01 Ақпан, 2022

Бағаны бақылау босаңсымау керек

523 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай бағалары ұдайы бақылауда тұр. Азық-түлік қорының ортайып қалмауына да баса назар аударылған.

Бағаны бақылау босаңсымау керек

Осы мәселеге орай облыс әкі­мі Гүлшара Әбдіқалықованың төр­­а­ға­лығымен өткен жиында об­л­ыс­тық ауыл шаруашылығы бас­қармасының басшысы Талғат Дүй­себаев, кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фер­­­доуси Қожабергенов, «Бай­қо­­ңыр» ӘКК» АҚ басқарма төр­аға­­сы Ерлан Нұрланбаев және бас­­­қа да деп­артамент басшылары есеп берді.

Ауыл шаруашылығы басқар­ма­­сы­­ның басшысы Талғат Дүйсе­баев азық-түлік қорына қатыс­ты нақ­ты шаралардың орын­далу ба­­­ры­­сын баяндады. Бүгін­де 34 әлеу­­­меттік дүкен мен 18 супер­мар­­­кеттегі арнайы бұрышта 19 түр­­­л­і өнім шекті бағада сатылады. Сон­­дай-ақ елімізде жарияланған тө­­тен­­ше жағдай кезінде өңірдегі сау­­да же­лілерінде тапшылық болмас үшін Түркістан облысынан азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын 122 жеке кәсіпкердің тізімі жасалды.

Тұрақтандыру қорында 291,4 млн теңгені құрайтын 1 393 тон­на өнім бар. Оның ішін­де бірінші сұрыпты бидай ұны, қарақұмық жармасы, күріш, макарон, күнбағыс майы, қант және көкөніс өнімдері секілді азық-түлік қоры жиналған. Мұнан бөлек, «Байқоңыр» ӘКК» арқылы «айналым сызбасы» бойынша бағаны тұрақтандыру үшін кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруге 500 млн теңгеге келісімшарт жасалуда.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіп­керлік корпорациясы­ның» басқар­ма төрағасы Ерлан Нұрлан­баев­тың айтуынша, қырыққабат пен картоп бағасында өсім байқа­лып тұр. Ол тұрақтандыру қорының өнім­дерінен жәрмеңке ұйым­дастыру арқылы бағаны ұстап тұруға болатынын айтып өтті.

Жиында өңірдегі жанар-жағар­май қоры туралы да сөз бол­ды. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас­шы­сы облыс аумағындағы мұнай өнім­дерінің саудалануы туралы хабар­лама жасады. Бүгінде бағаның шекті мәннен аспауына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

 

Қызылорда облысы