Қазақстан • 01 Ақпан, 2022

Шетелдіктер үшін ЖСН рәсімдеу ережелері өзгерді

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ-нің 2022 жылғы 26 қаңтардағы бұйрығымен «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдіктер үшін ЖСН рәсімдеу ережелері өзгерді

Атап айтқанда, ЖСН рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізімі өзгерді:

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

  • Белгіленген нысандағы өтініш;
  • Жеке басты куәландыратын құжат. Егер онда кириллицада немесе латиницада анықтамалық деректердің (ТАӘ, туған жері) жазылуы болмаса, құжат аудармасының тиісті көшірмесін қоса беру қажет;
  • Шетелдіктің өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Портал арқылы жүгінген кезде:

  • Өтініш беруші өкілінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу;
  • Шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі. Егер онда кириллицада немесе латиницада анықтамалық деректердің (ТАӘ, туған жері) жазылуы болмаса, құжат аудармасының тиісті көшірмесін қоса беру қажет;
  • Шетелдіктің өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Бұдан басқа, мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде жүзеге асырылатыны туралы толықтыру енгізілді.

Бұйрық 2022 жылғы 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.