Қазақстан • 01 Ақпан, 2022

«ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Асқар Маратұлы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

Асқар Маратұлы өзінің Instagram парақшасында бүгін соңғы жұмыс күні екенін жазды.

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым автожол қайта жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарымен қамтылған.

«Сондай-ақ Алматыдағы «Алтын Орда» базарының жол айрығында жол жүру қамтамасыз етілді. «Қызылорда-Жезқазған» жолының құрылысы бойынша барлық келісу рәсімдері өтті. Жоба биыл басталады. Жол бойындағы сервистің 20-дан астам объектісі ашылды. Әлемнің жетекші банктерімен ынтымақтастық туралы бірнеше келісімге, сондай-ақ ірі отандық компаниялармен көпжақты меморандумдарға қол қойылды», деп жазды ол.

Экс-басшының айтуынша, қоғамдық кеңес пен компания қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.