Аймақтар • 01 Ақпан, 2022

Атырау облысында газ бағасы 38,9%-ға төмендеді

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының тұтынушылары үшін «ҚазТрансГазАймақ» газ бағасын төмендетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында газ бағасы 38,9%-ға төмендеді

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2021 жылғы желтоқсанда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының газ тарату құбырлары арқылы тасымалдау қызметтеріне арналған тарифін 2022-2027 жылдарға 1 133,39 теңге/мың текше метрге дейін төмендетті.

Өткен бесжылдық кезеңмен салыстырғанда тариф 36%-ға төмендеді. Сонымен қатар, комитеті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АТФ-ның жабдықтау үстемесін 916,17 теңге/мың текше метрге дейін, яғни 43%-ға төмендетті.

Осылайша, Атырау облысының тұтынушылары үшін «ҚазТрансГазАймақ» газының түпкілікті бағасы 38,9%-ға төмендеді.

Тұрмыстық тұтынушылар, жылу энергетикалық компаниялар үшін халық үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлемінде - 4 720,33 теңге/мың текше метр. Заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлемдерінде жылу энергетикалық компаниялар үшін, электр энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлемдерінде жылу энергетикалық компаниялар үшін, өзге де заңды тұлғалар үшін – 11 482,47 теңге/мың текше метр. Бюджеттік ұйымдар үшін – 13 344,23 теңге/мың текше метр; тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығылған және сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлғалар үшін – 11518,56 теңге/мың текше метр.

Төмендетілген бағалар 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап енгізіледі.