Аймақтар • 01 Ақпан, 2022

Жамбылда есірткінің аса ірі көлемін сақтаған тұрғын ұсталды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының полицейлері 22 келіге жуық марихуана тасымалдаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылда есірткінің аса ірі көлемін сақтаған тұрғын ұсталды

Меркі ауданындағы Қарасу-Қорағаты тас жолында 40 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол есірткі заттарын атқа мініп тасымалдаған.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, есірткі заттарының жалпы салмағы 21 кг 140 гр құрады.

Ұсталған азамат кінәсін толықтай мойындап, УҰИ-ға қамалды.

Оның айтуынша, ол есірткі құралын 2021 жылдың тамыз айында Меркі ауданының пранск аймағында дайындаған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы, 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оған сәйкес үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25