Оқиға • 02 Ақпан, 2022

Қарағандыда жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпанда сағат 13.55-те жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Қарағандыда жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

«Құрамның ішінде бидай болды. Вагонның бүйір жақтауы сынып кеткен. Апат орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр. Қазір Жамбыл бөлімшесі учаскесінде поездардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр», деді компания баспасөз қызметінің өкілі.

1