Аймақтар • 02 Ақпан, 2022

Ерболат Досаев қаладағы 19 нысанның құрылысын тоқтатты

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаладағы құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әкімдігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қазандағы тапсырмасына сәйкес, қаладағы жер телімдерінде құрылыс жүргізуге тыйым бар екенін хабарлады.

«Қолданыстағы заңнама мен Мемлекет басшысының тапсырмасын бұзып жатқан заңсыз әрекеттер анықталып отыр. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаев барлық мән-жай анықталғанға дейін белгілі нысандарда (19 учаске), оның ішінде Самал-3 ықшам ауданы мен Достық, 125 учаскелері орналасқан аумақта жүріп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.