«35 жастағы Риота Мурата екі жылдан астам уақыттан бері шаршы алаңға көтерілген жоқ. Сондықтан оның бойында бір жекпе-жекке ғана жететін күш қалды деп айтуға болатын секілді. Ал бұл шайқаста ол жеңілістің кермек дәмін татса, кәсіби мансабын аяқтай беруіне әбден болады. Керісінше сенсация авторы атанып, қазақстандықтан айласын асырса, жұрт оның «Канеломен» кездескенін қалайтыны даусыз. Өйткені мұндай жекпе-жек жанкүйерлер үшін өте қызықты болмақ», дейді ол өз ойын түйіндеп.
Boxingnews24.com порталының тұрақты авторларының бірі Джефф Сорби IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин мен WBA (super) белдігінің иегері, жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің жергілікті боксшының кәсіби мансабына қалай әсер ететіні туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше