Аймақтар • 02 Ақпан, 2022

Атырау облысында сумен жабдықтау қызметтерінің бағасын негізсіз өсірген

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті монополисттің тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін магистральдық құбырлар арқылы сумен қамтамасыз ету тарифін асыра бағалау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында сумен жабдықтау қызметтерінің бағасын негізсіз өсірген

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 221-бабының 1-бөлігі (монополиялық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге, тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу мақсатында 2022-жылдың соңына дейін Атырау облысының тұрғындары үшін аталған коммуналдық қызметтерге жеңілдетілген өтемдік тариф енгізілді», деп жазылған хабарламада. 

Тергеу мүддесін сақтау үшін өзге ақпарат жария етілмейді. 

Еске салайық, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Таразда жылу тарифін 15%-ға төмендетсе, сонымен қатар 2021-жылдың тамызында коммуналдық қызмет бағасының негізсіз өсуін тоқтатқан болатын.