Асхат Раздықұлы 1990 жылы 10 ақпанда дүниеге келген. Павлодар облысының Ақсу қаласында туған.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ны «Аударма ісі» және «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, магистрлік және PhD докторлық дәрежесі бар.
Еңбек жолы: 2010-2014 жж. – Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының хатшылығында басшылық қызметтер атқарған.
2011-2012 жж. – Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман.
2013-2014 жж. – Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман.
2014-2016 жж. – Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2018-2019 жж. – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті директоры.
2019 жылдың 12 сәуірінен – Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;
Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2019-2020);
2020-2021 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі;
2021 жылғы шілде айынан Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.