Үкімет • 03 Ақпан, 2022

Утильдік төлемдерді қабылдау жүйесі іске қосылды

2811 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жасыл Даму» АҚ утильдік төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Утильдік төлемдерді қабылдау жүйесі іске қосылды

Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым қабылдау толық жүзеге асырылуда. 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап, утилизациялық төлем қабылдау «Жасыл даму» АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі.

«ӨКМ Операторы» ЖШС функциялары «Жасыл Даму» АҚ-ына өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгендігі жөнінде 865 сертификат берілді.