Білім • 03 Ақпан, 2022

ҰБТ: Талапкерлердің 34 пайызы шекті балл жинай алмаған

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар айында ұйымдастырылған Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан білім алушылардың 34 пайызы 50 балл ала алмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰБТ: Талапкерлердің 34 пайызы шекті балл жинай алмаған

ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәселенің мәнісін ашып айтты.

«Жалпы 103 886 өтінім қабылданды. 95 пайызы осы жылғы 11 және 12 сынып оқушылары, ал 4 765-і жоғары оқу орнына академиялық кезеңге шартты түрде қабылданған 1-курс студенттері, 413-і педагогикалық ғылымдар саласына ауысатын студенттер және 327-сі шығармашылықтан басқа білім беру топтарына ауысатын студенттер», деді ол.

Оның сөзіне зер салсақ, бүгінге дейін 29 мың талапкер тест тапсырған. 78 пайызы қазақ тілін, 21 пайызы орыс тілін таңдаған. Сонымен қатар 43 бала ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға ниеттеніп, 38-і тестілеуге қатысқан.

«50 балл жинай алмаған талапкерлердің саны 10 мың адамды құрайды. Яғни 34 пайызы белгіленген шекті межеге жете алмады», дейді Руслан Емелбаев.