Қысқы спорт • 03 Ақпан, 2022

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

4141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 ақпан күні сағат 18:00-де «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Elarna» телеарналары XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

Отандық телеарналар қысқы спорттың ең танымал түрлері бойынша трансляциялар ұсынады.

Телеарналардың шығармашылық тобы Бейжіңдегі түсірілім жұмыстарын бастады. Топ құрамында Сочи Олимпиадасынан ақпарат таратқан журналист Жандос Айтбай, «Хабар» телеарнасының журналисі Амир Сәменбетов, «Qazsport» телеарнасының тілшісі Азат Қадырбек, операторлар Дәурен Жұрқабаев пен Есенбек Әкімбай бар.

Қысқы Олимпиададан отандық арналар 220-дан астам трансляция ұсынады. «Хабар» және «Elarna» 90-нан астам, «Qazaqstan» және «Qazsport» 130 трансляция көрсетеді.

456789

Жарыстарды тәжірибелі комментаторлар Аян Күшбаев, Рауан Оқас, Евгений Акманов, Ербол Каиров, Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Тимур Сүлейменов, Сергей Райлян, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Самат Қанағатов, Александр Олейник, Дидар Қадыров, Данила Малышев, Жігер Әзберген, Әсем Нұрланова, Лилиана Әлжанова және Индира Бектенова жүргізеді.

Телеарналар әр жарыс күнінің қорытындысы бойынша Олимпиада күнделіктерін ұсынады.

Телеэфирден бөлек, Олимпиада ойындарының телевизиялық трансляциялары арналардың ресми сайты, мобильді қосымшасы және youtube-арналарынан көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Судан да сақтану керек

Қоғам • Бүгін, 22:35

Керек дерек

Digital • Бүгін, 09:50

Отандық жаңа зауыт іске қосылды

Экономика • Бүгін, 09:50

«Мен – Отан қорғаушымын!»

Байқау • Бүгін, 09:40