Қоғам • 04 Ақпан, 2022

12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

335 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2021 жылы Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға ар­налған жол картасы шеңберінде 12,3 мың жұмыс орны құ­рылды, оның басым бөлігі іске асырылып жатқан инфра­құрылымдық жобалар шеңберінде қамтамасыз етілді.

12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

ЖҚЖК жобалары 4 негізгі бағытқа бөлінген: халықтың өмір сүру сапасын арттыру; ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру; агро­өнеркәсіптік кешенді дамыту; өңірлерде бизнесті дамыту.

Қазіргі уақытта ЖҚЖК бірінші бағыты аясында құрылыс жұмыстары 248 инфра­­құрылымдық жобада жүр­­­гізілуде, оның ішінде 43 жо­­бада (Жамбыл облысында – 25, Шымкент қаласында – 6, Павлодар облысында – 4, Қос­­танай облысында және Ба­тыс Қазақстан облысында – 2 және Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 1-ден) құрылыс жұмыстары аяқталды және оларда 382 тұрақты жұмыс орны құрылды (Нұр-Сұлтан қаласында – 125, Қостанай облысында – 103, Жамбыл облысында – 90, Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстарында – 30-дан және Шымкент қаласында – 27). Осылайша, бірінші ба­ғыттың іске асырылып жатқан жобалары аясында 10,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бұдан басқа, инфрақұрылымдық жобалар экономиканың түрлі салаларын, әсіресе құрылыс саласын дамытуға серпін берді. Отандық бизнес өкілдерінен барлығы 52 млрд теңгеге жуық тауарлар мен қызметтерге тапсырыстар жасалған.

Айта кету керек, жобаларды іске асыру мерзімі ЖҚЖК-ның қолданылу мерзімінен асып түседі және оларды одан әрі іске асыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ал құрылыс жұмыстары аяқталып, объектілер пайда­ла­нуға берілгеннен кейін онда тұрақты жұмыс орындары құры­латын болады.

ЖҚЖК екінші бағыты аясында өз ісін ашу немесе дамыту үшін жалпы сомасы 7 млрд теңгеге 1,3 мың шағын несие бе­­рілді, бұл 1,2 мың тұрақты жұ­­мыс орнын құруға мүмкіндік бер­ді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту шеңберінде Ауыл ша­руа­шылығы министрлігі «Бәй­терек» ҰБХ» АҚ-мен бір­лесіп, жалпы сомасы 100 млрд тең­геге 41 инвестициялық жоба­ны іске асыруда. Бүгінгі таңда 50 млрд теңге сомасына 13 ин­вес­тициялық жоба қаржыл­ан­ды­рылды. Осылайша, ЖҚЖК-ның барлық жобалары аяқ­тал­ғаннан кейін 4 бағыт бойын­ша 42,5 мың жұмыс орнын құ­ру жоспарланған, оның 28,8 мыңнан астамы (68%) тұрақты болады.

Еске сала кетейік, 2020 жы­лы ЖҚЖК аясында 6,7 мың инфрақұрылымдық жобаны іске асыру кезінде орташа жалақысы 130 мың теңге болатын 239 мың адам жұмыспен қамтылды. Жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтар тұрғылық­ты жері бойынша халықты жұмыс­пен қамту орталықтарына (бұ­дан әрі – ХЖҚО) жүгіну жолымен ЖҚЖК шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады. ЖҚО жұмыспен қамту органдарында жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, сондай-ақ жұмыстан босатылған адамдар, жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар, студенттер, оның ішінде уақытша тіркелген адамдар қатарынан қажетті білікті мамандарды іріктеуді жүзеге асырады және инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс беруші-мердігерге жібереді. ХЖҚО арқылы инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасу кезінде жұмыссыз жастарға, NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттерге басымдық беріледі. ХЖҚО қажет болған жағдайда инфрақұрылымдық жобаға жұ­мысқа орналасу кепілдігімен тиісті жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші-мердігердің/қосалқы мердігердің өтінімдері бойынша кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді. ХЖҚО бағыттары бойынша жұмысқа орналасқандардың жалақы мөлшері салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және экологиялық үстемеақылар бойынша тө­лем­дерді есепке алмағанда, пай­даланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, жалақының ең төменгі екі мөлшерінен кем емес деңгейде белгіленеді.