Женевада әлем елдерінің парламент өкілдерінің қатысуымен Парламентаралық Одақтың 130-Ассамблеясы өтіп, халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелер талқыланды. 150 мемлекеттен келген 1500 делегаттың алдында ядролық қауіпсіздік, тұрақты даму тәуекелдері, парламент құқын қорғауда парламент өкілдерінің рөлі сынды өзекті тақырыптар сөз етілді.
Қазақстандық делегацияны Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастап барды.
ПАО 1889 жылы демократия мен бейбітшілікті нығайту ісіне ықпал ету мақсатында құрылды. Бүгінгі күні құрамында 160 елдің парламенті бар. Біздің мемлекетіміз 1993 жылы мүшелікке енді. ПАО жиыны әлемдік деңгейдегі мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасу мақсатында жылына екі рет тұрақты түрде өтеді.
Бұл жолғы форумның ерекшелігі – осы жылы ПАО қызметіне 125 жыл толды. Ассамблеяға қатысушылар өткенге қорытынды жасап, болашаққа жоспар құрды.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «ПАО Ассамблеясының 125 жылдығы: демократия мен бейбітшілікті нығайтуда ПАО-ға мүше-парламенттер міндеттемелерін растау» тақырыбында сөз сөйледі.
Мәжіліс Спикері бүгінгі күні экономикалық, саяси басымдылығына және географиялық аумағына қарамастан, барлық елдердің тең дәрежеде парламентаралық үнқатысуға қосыла алатынын сөз ете келіп, аталған халықаралық ұйымның маңызына тоқталды.
Осы ретте Нұрлан Нығматулин бейбітшілікті нығайту жолында қазақстандық парламентшілердің үлесіне баса назар аударды.
– Әріптес-мемлекеттер парламенттерінің және халықаралық парламенттік ұйымдардың тәжірибесін ескере отырып, заңнамалық құжаттар қабылдау – Қазақстандық парламент өкілдерінің ПАО жұмысына белсене араласып жатқандығының нақты нәтижесі, – деді Мәжіліс Төрағасы.
Нұрлан Нығматулин Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары туралы сөз еткенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты даму мен қауіпсіздікке ықпал етуге бағытталған барлық бастамаларының өзектілігін атап өтті. Мәселен, ол, ең алдымен, ядролық қарусыздану және таратпауға арналған жобалар, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісі, сондай-ақ, Азияда қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі кешенді шаралар. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, бұл біздің еліміздің халықаралық қоғамдастық алдындағы жауапкершілігінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді.
Сонымен қатар, біздің мемлекетіміздің 2107-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынуы – Қазақстанның бейбітшілікке деген ұстанымының көрсеткіші.
Нұрлан Нығматулин сөз соңында:
– Осы Ассамблеяға қатысып отырған парламент өкілдері біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көптеген бастамаларына ерекше назар аударды. Соның ішінде, бүгінгі күні, әсіресе, G-global жобасының орны да ерекше, маңызы да өте зор болып отыр. Осының барлығы біздің Президентіміздің халықаралық бастамалары қазіргі заманға сай екенінің тағы бір нақты дәлелі, – деп атап өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қолға алынып жатқан біздің еліміздің маңызды бастамалары халықаралық парламентшілердің басты назарында. Мәселен, Германия делегациясының жетекшісі, Бундестаг депутаты Аксел Фишер:
– Бүгінгі күні Қазақстанның барлық салада қол жеткізіп отырған табыстары, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары айрықша назар аударуға лайықты. Сіздердің елдеріңіз демократияны одан әрі дамыту, әлем алдында өз ұстанымын бекіту жолына түсті. Сіздердің көптеген мәселелерді шешу жолындағы тәжірибелеріңіз көп ұлтты қоғам үшін өте қызықты, – деген ойын ортаға салды.
ПАО 130-шы Ассамблеясының күн тәртібіне, сондай-ақ, ядролық қауіпсіздік, әлеуметтік-саяси, табиғатты қорғау және экономикалық басымдықты ескере отырып заманауи жағдайдағы тұрақты даму мен балалар құқығын қорғау, олардың соғыс және жанжалдар кезінде зардап шегуіне жол бермеу мәселелері енгізілді.
Алайда, Ассамблеяға қатысушылар түрлі жанжалдар кезінде балалар құқын қорғау жағдайының тиісті деңгейде еместігіне алаңдаушылық білдірді. Яғни, оларды қарулы қақтығыстарға тарту жағдайлары азаймай отыр. Осыған байланысты парламентшілер балаларды қорғаудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуде нақты шаралар қабылдауға уағдаласты. Осы жолда ПАО маңыздылығы өте зор. Швейцария федералдық жиналысы Кантондар кеңесінің Президенті Ханнес Германның айтуынша, Парламентаралық Одақ құрылған сәтінен бастап өзінің өте тиімді үнқатысу алаңы екенін көрсетіп келеді. Біздің басты мақсатымыз – бейбітшілікті, демократияны дамытуға, парламенттер арқылы халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ету. Осы маңызды жұмысқа Қазақстан Президенті, Қазақстан мемлекеті зор үлес қосып отыр.
ПАО 130-шы Ассамблеясы аясында Нұрлан Нығматулин Пәкістаннан келген әріптестерімен, сондай-ақ, Швейцария парламентінің қос палатасы төрағаларымен екіжақты кездесу өткізді. Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жайы әңгіме өзегіне айналды.
Маңызды шара соңында алдағы 4 жылға Парламентаралық Одақтың Бас хатшысы сайланды.
Сәулебек БІРЖАН.
• 20 Наурыз, 2014
Халықаралық парламент өкілдері бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайды

Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Анталия форумы: Президент панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды
Президент • Бүгін, 13:38
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Туризм • Бүгін, 13:23
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 13:10
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Үкімет • Бүгін, 13:05
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Еңбек • Бүгін, 12:53
Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп сирек жер металдарын игереді
Қазақстан • Бүгін, 12:41
Жыл соңына қарай инфляция 10%-ға дейін төмендейді
Экономика • Бүгін, 12:30
Елімізде салық түсімдері 7 триллион теңгеге жақындады
Экономика • Бүгін, 12:21
Емханаларда тегін берілетін дәрілер дәріханаларда заңсыз сатылған
Қоғам • Бүгін, 12:06
Жамбылда байқауды робот жүргізді: Жаңа формат көрерменді таңғалдырды
Технология • Бүгін, 11:59