Тарих • 04 Ақпан, 2022

Ақмола тарихының айғақтары

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында былтырғы көне және орта ғасырлардағы тарихи ескерткіштерге жасалған экспедицияның нәтижелері бойынша «Ақмола облысының мәдени мұрасы: жаңа зерттеулер» атты ғылыми-танымдық басылым жарық көрді.

Ақмола тарихының айғақтары

«Өткен жылы Ақмола облысы­­ның Мәдениет басқармасы өңір әкім­дігі­мен бірлесіп Жақсы және Қор­ғалжын аудандарында ғы­лыми-зерт­теу экспедицияларын ұйым­дас­тырды. Экспедиция аясын­да Бау­­бек батыр қорымында, Жәні­бек-Шалқар кесенесінде және Бы­ты­ғай кешенінде археологиялық қаз­ба жұмыстары жүргізілді. Зерт­­теуге Ұлттық мұражайдың ғылы­ми қызметкерлері, Ақмола та­ри­хи-өл­ке­­тану мұражайының, Жақ­­сы ауда­ны­­ның Запорожье орта мек­те­­бінің мұ­ғалім­дері, сондай-ақ Л.Гу­­ми­лев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верси­тетінің студенттері мен бас­қа да мамандардан тұратын ғылы­ми топ қатысты. Бірқатар жекелеген са­ла мамандарының көмегімен гео­­ақ­­па­раттық және жаратылыста­ну ғы­лы­­мының жетістіктері арқы­лы қо­рытындылар алуға қол жеткіз­дік», деді облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.

Басқарма басшысы атап өткен­дей, қазба жұмыстары барысында сүйек қалдықтары, ежелгі монета­лар табылған. Оларды зерттеуге Ре­сейден келген мамандар қатысты. Монеталардың құрамын және жерлеу орындарының нақты жасы мен генетикалық шығу тегін анықтауға мүмкіндік туды. Брифингте айтылған­дай, экспедиция нәтижесі бойынша зерттелген жерлердің цифрлы моделін, нысандардың егжей-тегжейлі жоспары мен картасын, Жәнібек-Шалқар кесенесінің және Баубек батыр жерленген жерінің 3D-бейнесі дайындалды. Мұның бәрі «Ақмола облысының мәдени мұрасы: жаңа зерттеулер» атты ғылыми-танымдық басылымында берілген.