Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев Қайрат Михаилұлын Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамына таныстырды.
Қайрат Ақтанов 1972 жылы наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің Әскери институтын, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық қорғаныс университетін, Ресей Федерациясы Бас штабының академиясын тәмамдаған.
ІІМ Ішкі әскерлері қатарында взвод командирі лауазымынан бастап, полк және құрама командирі лауазымдарына дейінгі қызметтік жолдан өтті.
Әр жылдарда Ұлттық ұланның «Батыс», «Оңтүстік», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарын басқарды және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кеңесшісі, Ұлттық ұлан Бас штабы бастығының бірінші орынбасары міндеттерін атқарды.
Қазақстан Республикасының 12 медалімен наградталған, Ішкі істер министрлігінің Құрметті қызметкері.