Білім • 04 Ақпан, 2022

Үздік ғалымдар марапатталды

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ғылым саласының үздік қызметкерлері марапатталды. Шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Үздік ғалымдар марапатталды

Салтанатты іс-шара барысында еліміздің жыл сайынғы «үздік ғылыми қызметкер» сыйлығының 36 иегері, ғылым саласындағы атаулы сыйлықтардың 10 иегері марапатталды.

Одан бөлек, Білім және ғылым министрі мемлекеттік ғылыми стипендияның 10 иегері, жетекші ғалымдарды және ведомстволық сыйлықтың 7 лауреатын марапаттады.

Шара барысында министр ғылымды қаржыландыру ісінің ұлғайғанын хабарлады. 

Ғылыми жобаларды қаржыландыруға арналған конкурстар 3 жылда бір рет емес, енді жыл сайын өткізіледі. Сонымен қатар, алғаш рет 2022 жылы жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарында постдокторантура енгізіледі.

Министр атағандай, егер бұрын ғалымдар жалақыны тек конкурстар арқылы ғана алатын болса, енді жетекші ғалымдар тұрақты жалақы алады. Бұл 85 ғылыми ұйымның 1 200-ге жуық жетекші ғалымдарының жағдайын жақсартады.

«Бұған қоса еліміз үшін аса маңызды фундаменталды зерттеулермен айналысатын тарих және этнология институты, тіл білімі институты, математика институты, ядролық физика институты, әдебиет және өнер институты, философия және басқа да институттардың ғалымдары енді жалақыларын тұрақты режимде алып, үздіксіз жұмыс істейді», деді Асхат Аймағамбетов.