«Тәртіпсіздіктердің алғашқы екі күнінде көптеген ірі қалаларда, әсіресе Алматыда мемлекеттік мекемелер мен полиция ғимараттарына шабуыл жасалды. Аталған шабуылдарға тойтарыс беру барысында және қақтығыстарда полиция қызметкерлері де, әскери қызметшілер де, шабуылдаушылар да дене жарақатын алды», деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Департамент бастығының дерегінше, тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың, сондай-ақ әскери қызметшілердің ішінде 19 адам қаза тапты және 3 мыңнан астамы дене жарақатын алды.
«Бұл ретте 40 адам оқтан, 13-і пышақтан жарақаттанды. 170-тен астамы басқа да ауыр жарақат алды. Бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар да бар екені белгілі. Бірақ бұл - жаппай тәртіпсіздік нәтижесі және әрбір қаза тапқан адам бойынша қазір объективті тергеу жүріп жатыр», деді Санжар Әділов.