Аймақтар • 06 Ақпан, 2022

Түркістан облысында заманауи кітапхана салынады

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысындағы Шаян ауылында заманауи кітапхана салынып жатыр. Онда жүз мыңнан астам кітап, журнал мен басқа да баспа материалдары сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында заманауи кітапхана салынады

Бұрын ауылдық кітапхана жергілікті мәдениет үйінде орналасатын. Онда кітаптардың бай қорын тар бөлмеге орналастыру мүмкін емес еді. Енді ауылда кітаптар үшін бөлек ғимарат тұрғызылып жатыр, оны жазда тапсыру жоспарланған.

Жаңа кітапхананың құрылысына республикалық бюджеттен 330 миллион теңге бөлінді.

«Қазір көптеген кітаптар мәдениет үйінің жертөлесінде жатыр. Оларды қоюға еш жер жоқ. Барлығын шығаруға мүмкіндік жоқ. Сондықтан қазір кітапхана үшін 100 мың кітапқа арналған жаңа ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Тамыз айында ол оқырмандарға есігін айқара ашады», деді Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Жандарбек Сұлтанбеков.