Аймақтар • 06 Ақпан, 2022

Орал базарында ірі өрт шықты

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал базарының азық-түлік және құрылыс материалдары бар бутиктері өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орал базарында ірі өрт шықты

Жергілікті басылым хабарлағандай, өрт 6 ақпанда сағат 12:45-те С.Датов көшесі, 41А мекен-жайы бойынша болған.

«Өрттің жалпы ауданы 145 шаршы метрді құрады. Базардағы бес бутик өртенді, тағы жеті бутиктің шатыры зақымданды. Алдын ала себеп – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу», деп түсіндірді БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 13:30-да ауыздықталып, 13:48-де толықтай сөндірілді. Оқиға орнында 40 өрт сөндіруші мен сегіз техника жұмыс істеді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар