Қарағанды қаласындағы зообақта ягуарлар аюдың баласы – қонжықты кішкентай балалардың көзінше дал-дұлын шығарып, жеп қойды. Бұл туралы «Новый вестник» хабарлады.
Орын алған оқиға оны көргендерге, әсіресе, балаларға қатты әсер етті. Ал Қазақстан жан-жануарларды қорғау қоры қонжықты осылай қорлауға жол берген қызметкерлердің үстерінен қылмыстық іс қозғап, оларға тиісті жазаларын беруді талап етуде.
«Дәрменсіз қонжықты аш ягуарлардың талауына бергенін көру психикалық жағынан салауатты кез келген адамның ішкі қарсылығын туғызады», - деп атап өтті қордың өкілі Мария Байділдинова.
Оның пікірінше, өмір сүру қабілетінен айрылған ауру қонжықтың өзін бұлайша сұмдық өліммен өлуге мәжбүр ету құқығы зообақ әкімшілігіне де, оның қызметкерлеріне де берілмеген. «Зообақ қызметкерлерінің жаны ашымас қатыгездігі мен қорғансыз кішкентай қонжықтың жыртқыштардан қашып, тор ішінде аласұра қашқан кезін салыстыра қарай келгенде, бұларға шынымен жаратылыстың ақыл-ойдың иесі етіп жаратқан адамның өкілдері болып табылатын-табылмасын сұрағың келеді», - деп жазды Байділдинова өзінің құқық қорғау органдарына арнаған хатында.
«Тіпті кішкентай қонжықтың дәм-тұзы таусылып тұрғаны ақиқат болған күнде де, жануарды ветеринар дәрігерлер тиісті тәсілмен жансыздандырған соң ғана мұны жасауға болатын еді ғой», - деп ашынады ол.
Қор өкілі биылғы жылы Даниядағы зообақ қызметкерлерінің сап-сау жас жирафты келушілердің көзінше өлтіріп, сосын онымен арыстандарды тамақтандырғаны үлкен қоғамдық қозғалыс туғызған еді. Нәтижесінде әлемдегі миллиондаған көрермен мұны жасаушыларды жерден алып, жерге салды.
Құрыш Нұрымбет.
Дереккөз: Новый вестник.