Теннис • 07 Ақпан, 2022

Норвегиямен кездесеміз

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 4-5 наурыз ара­лығында өтетін Дэвис кубогының іріктеу сы­нында Қазақстанның тен­нис­шілері Норвегия құрамасымен күш сынасады.

Норвегиямен кездесеміз

Ослоның «Теннис Аренасында» өтетін бәсекеде жерлестеріміздің қандай құрамда өнер көрсететіні анықталды. Жекелеген сайыста Александр Бублик, Михаил Кукушкин және Дмитрий Попко кортқа шығады. Қазіргі кезде Бублик әлемдік рейтингте 35-орынды иеленуде. Соңғы уақытта ол өрелі өнерімен көзге түсіп, елеулі табыстарға қол жеткізуде. Кукушкин 166-орынды еншілесе, Попко 180-сатыға жайғасты. Жұптық бәсекеде Ан­дрей Голубев пен Александр Недовесовке сенім артылуда. Көпшілік бұл кездесудің қазақстандықтардың пайдасына шешілетініне еш күмәні жоқ. Себебі Скандинавия түбегі теннисшілері арасында тек Каспер Руудты ғана бөле-жара атап өтуге болады. АТР тур­нирлерін алты рет ұтып, былтыр Аус­тра­лияның ашық біріншілігінің ширек финалына дейін жеткен сайыпқыран бұл күндері әлемнің сегізінші ракеткасы атанып отыр. Ал өзгелері, тіптен «ТОП-300» ойыншының қатарында жоқ. Осы матчта жеңіске жеткен команда Дэвис кубогының финалдық сайысына жолдама алады.