Жекпе-жек • 07 Ақпан, 2022

Шавкаттың үш жекпе-жекте қанша табыс тапқаны белгілі болды

709 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек әлеміндегі әйгілі ұйым UFC-де үш мәрте октагонға шығып, барлығында жеңіске жеткен қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың үш кездесуден қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкаттың үш жекпе-жекте қанша табыс тапқаны белгілі болды

Соңғы кездесуінде отандасымыз 94 мың доллар табыс тапса, бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы өткізген кездесуінде қазақ спортшысы 37500 доллар, тағы бір бразилиялық спортшы Мишел Празереске қарсы жекпе-жектен 28000 мың доллар сыйақы алғаны мәлім. Қысқасы, әзірге рейтингілік жекпе-жектерге шығып жүрген Шавкат Рахмонов үш жекпе-жегі үшін 159500 доллар алған.