Қазақстан • 07 Ақпан, 2022

Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

3728 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

8 ақпанда Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде боран соғады. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, облыстың батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

8-9 ақпанда Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда 15-20 м/с жел тұрады.

8 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде боран соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Қызылордада тұман түседі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шымкентте тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістанда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.