Кәсіпқой бокс • 07 Ақпан, 2022

Головкин бокс тарихындағы үздіктер қатарына қосылды

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The Ring басылмының тілшісі Клифф Ролд отандасымыз Геннадий Головкинді бокс тарихындағы үздік жүз боксшының қатарына қосты, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин бокс тарихындағы үздіктер қатарына қосылды

«Геннадий Головкин The Ring басылымының белдігін жеңіп алмағанына қарамастан, ол 2010 жылдарда орта салмақтың шын үздігі болды. Үш бірдей белдіктің иегері атанды. 23 жекпе-жекті қатарынан жедел жеңгенін жанкүйерлер қатты бағалады. Ол Серхио Мартинес, Мигель Котто, Сауль Альварес секілді боксшылармен жекпе-жек өткізуге нөмірі бірінші үміткер болғаны рас. The Ring басылымының белдігі үшін өткен бірінші шайқасы дау туғызған тең есеппен аяқталды. Жалпы ол өзін дәлелдей білген боксшы», делінген автордың жазбасында.