Коронавирус • 08 Ақпан, 2022

Атырау облысы «сары» аймаққа өтті

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысы «сары» аймаққа өтті

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта Атырау және Жамбыл облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, бүгінгі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында кеше «қызыл» аймақта тұрған Атырау облысы «сары» аймаққа өтті.