Қазақстан • 08 Ақпан, 2022

Шикі және тауарлық газдың бағасы бекітілді - Әлихан Смайылов

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісі артады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шикі және тауарлық газдың бағасы бекітілді - Әлихан Смайылов

«Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету« бағыты бойынша Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету, тарифтік саясатты жетілдіру, қаржылық тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін іске асыруға шоғырланады», деді Әлихан Смайылов.

Министрлер кабинетінің басшысы ішкі нарықты молайту және олардың тапшылығын болдырмау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісі ұлғайтылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, елімізде ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың бірінші кезеңі іске асырылатын болады.

«Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етілетін болады. Шикі және тауарлық газдың бағасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен жылғы желтоқсан деңгейінде бекітілетін болады», деп толықтырды Әлихан Смайылов.