Бұл туралы ұйымның ресми сайты ақпарат таратты.
«Шавқат Рахмонов ұйымдағы әуелгі екі жеңісінен кейін кері шегінген жоқ. Өзінің расымен мықты екенін кезекті мәрте дәлелдеп, үшінші қарсыласын да уақытынан бұрын жеңді. Бұл жолы ол тәжірибелі, шеберлігі жоғары спортшыны есеңгіретті. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін қазақ оғланының бойында таланттан бөлек, жеңіске деген жігер зор екені аңғарылды. Ол жартылай орта салмақта талай мықтының мысын басуға қабілетті. Қысқасы, Шавқат келесі шайқасында рейтингте 12 орында тұрған АҚШ спортшысы Джефф Нилмен кездесуі керек», делінген жазбада.