Жекпе-жек • 08 Ақпан, 2022

UFC чемпионы Камару Усманға ота жасалды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі UFC чемпионы Камару Усман қолына ота жасатты. Бұл туралы ұйымның жетекшісі Дана Уайт твиттер арқылы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

UFC чемпионы Камару Усманға ота жасалды

«Әлемнің үздік спортшысы Камару Усман бүгін қолына ота жасатты. Тезірек жазылып, қатарға қосылатыныңызға сенімдімін! Жолыққанша, чемпион», деп жазды Дана Уайт өз парақшасында.

Бұған дейін Дана Уайт Камару Усман келесі жекпе-жегінде ямайкалық Леон Эдвардспен кездесетінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ ол Усман мен Ян Блахович арасындағы шайқасты ұйымдастырғысы келетінін де жеткізген еді.