Қазақстан • 08 Ақпан, 2022

5G желісі қашан іске қосылады?

47 рет көрсетілді

Перспективалы ауылдық елді мекендерде мобильді интернеттің сапасы арттырылатын болады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Перспективалы ауылдық елді мекендерде «цифрлық теңсіздікті» болдырмау үшін мобильді интернеттің сапасы арттырылатын болады. Сондай-ақ ірі қалаларда 5G байланыс технологияларын іске қосу және шалғай елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін геостационарлық емес спутниктік жүйелердің жұмысы жоспарлануда», деді Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ туризм саласында ел аумағындағы негізгі туристік дестинацияларда инвестициялық жобалар іске асырылатынын атап өтті. Карантиндік шектеулердің алынып тасталуына қарай, ағымдағы жылы 500 мыңға жуық сырттан келетін туристерді тарту жоспарлануда. Логистика және сауда саласында трансшекаралық хабтарды дамытудың бірыңғай стратегиясы қабылданады, сондай-ақ ұлттық электрондық сауданы ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланып отыр.

«Магистральдық теміржол желілерінің өткізу қабілеті артады, сондай-ақ логистикалық қызметтердің құны төмендейді» деп қосты Әлихан Смайылов.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда троллейбус өртенді

Оқиға • 24 Маусым, 2022

ТүркПА-ның атауы өзгереді

Парламент • 24 Маусым, 2022

Ұқсас жаңалықтар