Президент • 08 Ақпан, 2022

Президент: Мемлекет бизнеске жүктеген шығындарды кәсіпкерлер халықтан өндіріп алады

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет бизнеске жүктеген кейбір қосымша шығынды кәсіпкерлердің халықтан өндіріп алатыны жасырын емес. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Мемлекет бизнеске жүктеген шығындарды кәсіпкерлер халықтан өндіріп алады

«Мемлекет бизнеске жүктеген кейбір қосымша шығындарды кәсіпкерлердің халықтан өндіріп алатыны жасырын емес. Сөз монополиялық операторлардың түрлі делдалдарының, қажетсіз агенттерінің комиссиясы мен тарифтері жайында болып отыр. Бұл проблеманы білесіздер. Сұрақ - олардың қызметін кім төлейді? Әрине, тұтынушы төлейді. Оған қабылданған заңдар мен қаулылар кінәлі», деді ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай жайтқа мемлекеттік органдар қоғамның емес жекелеген компаниялардың мүддесін басшылыққа алып қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер себеп болған.

«Қазақстандықтар өзіне жұмсай алатын қаражат аталған компаниялардың қалтасына кетіп жатыр. Үкіметке бұл мәселеге барынша байыппен назар аудару тапсырылады және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, әрбір жағдайды жіті пысықтап, оны түзетудің нақты шешімдерін ұсынуы тиіс», деді Мемлекет басшысы.