Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзудың 55 дерегі анықталды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес  қала аумағында «Құқықтық  тәртіп»  жедел профилактикалық шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзудың  55 дерегі анықталды

Қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, әкімшілік жауапкершілікке  тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді табу мақсатындағы шара аясында 55 заң бұзушылық дерегі анықталды.  

ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 3-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сату немесе қайыршылық сипатта қызметтер көрсету) Өзбекстан Республикасының 1 азаматына шара қолданып, ел аумағынан шығарылды. ӘҚБтК-нің 517-бабы 3,4,5,7 бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы)  Өзбекстан Республикасының 35 азаматына шара қолданылды.

Сонымен бірге шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдау кезінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған жергілікті тұрғындарға ескерту жасалып, 3 азаматқа айыппұл салынды.