Әлем • 08 Ақпан, 2022

Қытай мен Непалды не байланыстырады?

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың қыркүйегінде Қытай Непалдың батысындағы Хумла ауданына басып кірген болатын. Алайда Катмандудағы Қытай елшілігі қандай да бір шабуылдың болғанын жоққа шығарып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

Қытай мен Непалды не байланыстырады?

Әйткенмен, Непал үкіметі соңғы жылдары Қытаймен байланысын жақсартып, оның оңтүстігіндегі көршісі Үндістанмен де қарым-қатынасын реттеген болатын.

Бұл жағдай Бейжіңмен арадағы байланыстарға қысым көрсетуі мүмкін. Непал мен Қытай арасындағы шекара Гималай тауларының бойымен шамамен 1400 шақырымды басып өтеді. Бұл 1960 жылдардың басында екі ел арасында қол қойылған бірқатар келісімдерде айтылды.

Непал үкіметі Қытайдың ықтимал қол сұғуы жайлы хабарламалардан кейін Хумлаға полиция мен Үкімет өкілдерінен құралған жұмыс тобын жіберуге шешім қабылдады. Кейбір деректерге сенсек, Қытай шекараның Непал жағында бірқатар ғимараттар тұрғызды деседі.

Тарихқа зер салсақ, кейбір бейресми трансшекаралық тасымалдар, соның ішінде қажылар мен саудагерлер осы жолмен өткен. Бірақ Қытай бұл қозғалысты біртіндеп шектеді.

Қазір Катманду аналитикалық орталығында жұмыс істейтін Непалдың бұрынғы дипломаты Вижай Кант Карна «Бейжің өзінің шекаралас проблемалары бар аймақтық қарсыласы Үндістанға алаңдауы мүмкін» дегенді алға тартып отыр.

Асель Жигитова, 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.