Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

Алматыдағы әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмысы тоқтатылды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаев шығыны 2 млрд теңгеге шыққан Әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмысын тоқтатқанын Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмысы тоқтатылды

«Әл-Фараби даңғылының Үлкен Алматы айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі аралықтағы аумағын орташа жөндеуге жоспарланған 2 миллиард теңгені қаладағы сапалы жолы жоқ немесе жол төсеніші сапасыз аудандардың жол құрылысына қайта бөлу туралы шешім қабылдағанымды мәлімдеймін. Резервтерді іздестіру жұмыстары жалғасады», деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, биыл қаладағы 2 жол айрығын және Әуезов көшесін ұзарту жұмыстары аяқталады.

«Осы жылдың мамыр айында жоспарланып отырған 2 метростанциясының іске қосылуы жолаушылар ағынын күнделікті 30-дан 86 мың адамға дейін арттырады», деді Алматы әкімі.