Кәсіпқой бокс • 08 Ақпан, 2022

Ресми: Әбілхан Аманқұл кәсіпқой боксқа ауысты

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әуесқой рингте әлем чемпионатының және Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған Әбілхан Аманқұл ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми: Әбілхан Аманқұл кәсіпқой боксқа ауысты

Боксшының қазақстандық «Suleimen Promotions» промоутерлік ұйымымен келісімшарт жасасқаны белгілі болды. Промоутерлік ұйым жетекшілері инстаграмдағы парақшасында жағымды жаңалықпен бөлісіп, Әбілханға сәттілік тіледі.

«Команда құрамына Әбілхан Аманқұлдың келгенін ресми түрде хабарлаймыз. Әбілханға алдағы уақытта кәсіпқой бокс әлемінде тек сәттілік пен жеңістер тілейміз», делінген жазбада.