Кәсіпқой бокс • 09 Ақпан, 2022

Анрададен қашқан мексикалық қазақ боксшыларымен жұдырықтасқысы келеді

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, мексикалық Хайме Мунгия қазақстандық боксшылармен қолғап түйістіргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анрададен қашқан мексикалық қазақ боксшыларымен жұдырықтасқысы келеді

Ол бірінші орта салмақтан орта салмақ дәрежесіне ауысқан сәтте-ақ WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, америкалық Деметриус Андраденің негізгі қарсыласы атанған болатын. Алайда Мунгия АҚШ боксшысымен қолғап түйістіруге құлықты болған жоқ. Енді IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен және Жәнібек Әлімханұлымен кездескісі келетінін мәлімдеді.

«Егер Андраде белдікті бос қалдырса, Жәнібекке қарсы жұдырықтасу мен үшін жаңа мүмкіндік екені рас. Геннадий Головкин – ұлы боксшы. Оған қарсы да рингке көтерілгім келеді. Мен мұндай шайқасқа дайынмын», дейді мексикалық былғары қолғап шебері.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20