Кәсіпқой бокс • 09 Ақпан, 2022

Жүкембаев өзбек боксшысын жеңеді - сарапшы

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік «неКАРАтэ» ютуб-арнасының авторы бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде топқа түсіп жүрген отандасымыз Батыр Жүкембаев пен өзбек оғланы Шохжахон Эргашев шаршы алаңда кездессе кімнің жеңіске жететіні туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жүкембаев өзбек боксшысын жеңеді - сарапшы

«Бұл екі боксшы шаршы алаңда кездессе, Батыр Жүкембаев қарсыласынан айласын асырады деп ойлаймын. Бұрын Эргашев мықты деген пікірде едім. Алайда біраз уақыт өтсе де Эргашев әлі күнге рингке шыққан жоқ. Ал Батыр Жүкембаев болса шеберлігі толысқан мықты жігіттермен кездесті. Сондықтан оны фаворит санауға болады» дейді арна авторы.