
Португалиялық шабуылшы ағылшын премьер-лигасында мардымды нәтиже көрсетпегеніне бес ойын болды. «Алтын доп» сыйлығының бес дүркін иегерінің бес кездесуде түк бітіре алмауы бірінші рет емес. Ол 2010 жылы испаниялық «Реал» сапында ойнап жүргенде де бес матч бойы қанжығасын майлай алмаған еді. Бұл жолы сол анти рекордын бұзуы мүмкін секілді.